Жаз келіп барлықтарыңыз демалысты жоспарлап отырған боларсыздар. Біреу – Түркияға, біреу – Балхаш, Ала көл десе, ал енді біреу Ыстық көлге барамын деп жоспарлап отырған болар. 

Былтыр ҚазҰУ-дағы мұғаліміміз Гүлмира Сұлтанбаева Ыстық көлде жазғы мектеп ұйымдастырған болатын. Әрі оқу, әрі демалыс болды. Демалысымыз үш күнге жоспарланған. Негізі үш күн жеткілікті екен. Демалысты қатты сүйетіндерге аз шығар, өзіме жеткілікті болды. Әрі қап-қарааа болып кетеді екенсің. 

Автобусқа билетті кез келген турагенттіктерден ала беруге болады. Ал қонақүйді агенттік арқылы алдын ала келісуге де болады. 

Бағытымыз – Бозтері ауылы. Біз шілденің басында бардық. Негізі ол уақыт суға түсуге қолайсыздау, кешке салқын болады. Айта кетейін, нағыз маусым уақыты шілденің 20-ы мен тамыздың 20-ы аралығы (бір қырғыз ағайын айтты). Тіпті қалың киім алып бармасаңыз тоңып қаласыз. Біз бұл туралы алдын-ала білдік. Бірақ та әуекел деп бардық. Күндіз күн жылы болды. Суға да түстік, айтпақшы күн салқын болғанымен, ол жердің суы тұзды болғандықтан, күн денеңді күйдіріп жібереді екен. Сондықтан, денеңізге күннен қорғанатын крем жағып алуды ұмытпаңыз. Әйтпесе, денеңіз күйіп қалуы мүмкін.  

Ақшаны әрине, елден ауыстырып барған дұрыс. Ол жақта «ұрынып» қалуыңыз мүмкін. Менікі «страховка» ғой 🙂 Жеңіл-желпі тамақты да ала барғаныңыз артықтық етпейді. Көлдің айналасы сәл қымбаттау болады. Әрине, қонақ үйде де тамақтанасыз. 

Біз ҚазҰУ пансионатына аялдадық. Бөлмені де студенттік жеңілдікпен алдық. Көп болғанда жолымыз бар, жатын орынымыз барлығы 11000 теңгедей болды. Негізі бұдан да көп кетеді. Біз жеңілдікпен бардық.

Тек суға түсіп қана қоймай, Ыстық көлдің ортасына параходпен шығуға болады. Көп ақша кетпейді, бірақ әсері керемет. Сақтандырылған киіммен көлдің ортасында суға түсіп, тағы да басқа жерлерді аралауға болады. (біз тек осыған ғана бардық).

ҚазҰУ белсенділерінің ұйымдастыруымен «Нептун күні» шарасы өтті. Оған университет ректоры қатысып, ойындар ұйымдастырылды. 

Енді суреттер ұсынылады 😉 

Image

Ыстық көл осы 🙂 

Image

Image

Көлдің ортасына барып суға түскен кез 

Image

Тренингте 

Image

Нептун күні шарасында ҚазҰУ белсенділері 

Image

Image

Жазғы мектеп қатысушыларымен 

Image

Осылай демалысты аяқтадық :))