Арнайы Фотожуралистика сабағының тапсырмасы барысында жазылған.

Қазір ауылда жастар азайып барады. Бірақ ондағы жағдай ауыл азаматтарының талабына толық жауап бермейді.  Ауылда тұрудың бірнеше проблемалары болғанымен, оларды шешудің жолдары бар.

Бүгінде ауыл тұрғындары үшін көптеген мәселе өз шешімін таппай отыр. Ауылда тұру ең алдымен күйкі тіршілік адамдар арасында денсаулығына мән бермеуден басталады. Ол деніміз аурудың асқынуныа әкеліп соғуы мүмкін. Жастар ортасы мәдени ортадан алшақтайды.  Ол жастарды босаңсытуға әкеліп соқтырады. Мектеп оқушылары үшін де білім жүйесі қанағаттандырарлықсыз. Ол болашақ жастармызыдың бұлыңғыр болуына, санасыз жастардың өсуіне келіп тіреледі.

Бұл мәселелерді шешу бүгінннен басталуы тиіс. Адамдар денсаулығын жақсарту мақсатында ауруханалар жаңа технологиямен, мамандармен толықтырылуы керек. Өйткені, ескі аппараттар жылдам жұмыс жасауға мүмкіндік бермейді. Ауыл жастарының мәдени ортада белсенділігі төмен. Дегенмен, ондағы клубтар мен мәдениет үйінінің жұмысын көтерсек, белсенділікті қайтару өз қолымызда. Ал, білім жағы көңіл қуантпайды. Әл – Фараби бабамыз: «Тәрбиесіз берілген білімнен қорық» деген. Ең алдымен, тәрбие беретін саналы, білімді ұстаздарды ауылға тарту керек. «Жақсы ұстаз тәлім – тәрби берсе, жаман шәкірт болмайды». Жастарды ауылда қалдырудың бірнеше әдіс тәсілдері бар.  Тек әрбіріміз қолдасақ болғаны.

Жастардың ауылда қалмауы өзекті болғанымен, бұл қиындықтан құтылудың өз жолдары бар. Менің ойымша, әрбір қазақ деп соққан жүрегінде намысы бар жастар болса, онда ол туған жерінің гүлденуіне өз үлесін қосары анық. Ауылдан қалаға көшеміз деп жүріп, үлкен байлығымыз салт дәстүрімізді жоғалтып алмайық.