Бір ай бұрын тойланған жаңа жыл)))

Пікір қалдыру

 Алдымен, барылқтарыңызды келе жатырған жаңа жыл мерекесімен құттықтайын! Жаңа жылда жаңа табысқа, шығармашылық жетстіктерге жете беріңіздер!!!

Жаңа жылды неге бір ай бұрын тойлады екен деп отырған боларсыз. Менің курстасым Сәуле желтоқсанның 2-сі күні үйден келе жатқан кезінде көшеде, факультет ішіндегі, одан қала бере жатақхана ішіндегі шыршаның безендірулерін көріп жаңа жыл келіп қалды деп ойласа керек. Содан, бөлмесіндегі қыздарға сыйлық алып беріп жатқанда қыздар аң-таң болып отырады. Тіпті, ол мен кешігіп қалыппын деп, телефонмен әпкесінде құттықтаса керек. Әлгі, безендірулерді көрген құрбым жаңа жыл келген екен деп ойлапты да, жаңа жылды бір ай бұрын тойлап

Тілі шала бүлдіршіндер.

Пікір қалдыру

Осы күні біздің қоғамымызда бала бүлдіршіндердің шалаланып бара жатқанын көреміз. Менің айтпағым ауылдың балалары емес, қаланікі. Бала-бақшаға барсаңыз, аулаларда жүрсеңіз де орыстың тілін шүлдірлеп жүрген біздің қаракөз қазақтың балалары. Әрине, бұл балалардың ешқандай да жазықтары жоқ. Мұның бәрін үйретіп отырған оның ата-аналары. Осы қазір өзіміздің журфактың кітапханасында отырып, мынадай жайтқа тап болып отырмын. Үлкен апайдан сыйлық алып отырған бүлдіршін, анасының «Рахмет» деген сөзін түсіне алмай тұр. Анасы «Спасибо» деген барып бір-ақ қайталады. Осы көріністі көргенде, келешек біздің болашағымызды кімдер басқарады деген ойда қалдым.  Ата-аналар: «Біз балаларымызды заманға лайық етіп тәрбиелеп жатырмыз» деп айтады. Дегенмен, «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген қазақтың нақыл сөзін берік ұстанса деген бізде тілек бар.

Сіз білмейтін бір адам…

1 пікір

 Басында сіздерге ғана емес, маған да таңсық дүние болған.  Өмірімде мұндай жанды екінші рет кезіктірдім десем өтірік болар. Сіздердің өмірлеріңізде де кезіктірді деп айта алмаймын. Ол қандай жан дейсіз ғой? Ал айтайын. Сіз өмірңізде күнде бір жанға смс жазасыз ба? Әй, қайдам жазбайсыз. Мен де жазбаймын. Жазған күннің өзінде тоқтаусыз, күнде бір уақытта, әр түрлі тақырыпта ой қозғайсыз ба? Жоқ. Ол жан сондай. Ол смсті жанын ауыртып жазбайды. Керісінше, асқан сүйіспеншілкпен жазады. Сол кезде смс жазғандағы жүзінің жадырағанын көрсеңіз. Айта кететіні, бұл қыз бала. Ол смсті ұл балаға жазады екен деп ойлап қалмаңыз. Ол смсті оқитын жан да қыз бала. Олардың көтеретін тақырыптары да әр алуан. Таң қаларлығы ол барлық күнделікті жазып отырған смстерін блокнотқа жазып отырады. Былайша айтқанда, қойын дәптер сияқты. Осы күнге дейін жазылған блокноттардың саны 8. Желтоқсанның 7-сі күні смс жазысып жүргендеріне 1000 күн болды!!! Мұндай уақытқа оның емес, менің жүйкем жете қоймас. Дегенмен, таң қалмасқа шара жоқ. Әркім өзінше жаңалық ашқысы келеді. Бұл да бір өнер.

Пы.Сы. Бұл жазбаға смс жазушының өтініші бойынша атын жазылмады.

Қалтафонның бізге берері…

Пікір қалдыру

Бүгінде қазақ жастарының бейнесін қалтафонсыз елестете алмайсыз. Бірі – хабарлама жазып отырса, екіншісі – әуенге елітіп, үшіншісі – ойынның қызығына батып отырады. Бұл біз білетіндер ғана. Ал, біз білмейтін тағы бір қыры, ол – ақпарат алмасу. Әрине, интернет арқылы. More

Армандары алуан адамдар…

Пікір қалдыру

Көше. Ығы жығы адамдар. Асығып келем. Діттегенім ауруханаға тез жету. Жетуін жеттім ау. Кіргенде әпкеме айтатын алғашқы сөзімді ойладым. Ия, не айтамын?! Дайындалып – ақ келе жатырмын. Бірақ, кірген кезде тілімнің байланғаны. Кірген бетте көңіл күйімнің түсіп кеткені болмаса, бәрі тамаша болатын. Біріншіден, әпкемнің бет бейнесі болса. Екіншіден, жанында жатқан кішкентай ғана қыздың сөзі болды. Бөлмеге еніп сұрағаным хал жағдайы болды. Менде ақымақпын, көріп тұрып несін сұрап тұрмын?! Әрине, бәрі тамаша. Бірақ, адам кез келген жайды басынан өткермесе, оның халін түсіндім деу бекершілік. Солай, әпкеммен әңгімеміз жалғаса берді. Біз әпкемнің қалыпқа түскен сәтінде келіппіз. Оның алдында не болғанын көзбен көрмеген соң, түсініп болмадым. Ал қазіргі бейнесі, тек жаны бар демесеңіз, өлі адамның кейпінде жатыр. Арада сәл ғана тыныштық орнап еді, бір кезде селк ете қалғаным. Қорқыныштан емес. Жанымда отырған бейтаныс қыздың сөзі болды. Ол: «Мама, сен білесің бе, маған операция жасаған кезде далада аппақ қар жауып тұрды ғой. Ертең мен жазылған соң, сосын мен сені Швейцарияға, Италияға қыдыртамын. Көресің», – деді. Осы сөзді естігенде төбемнен біреу мұздай су құйып жібергендей, дір ете қалдым. Бұрылып қарағанымда шамасы бесінші, алтыншы сыныпта оқиды – ау деген ой түйдім. Ал бұл қызбен тетелес, еш жері ауырмайтындар мұндай сөз айта ма… Жоқ, біле алмадым. Көзіме жас та келді. Бірақ, сыртқа шығармадым. Өйткені, әпкемнің жанын онан әрі ауртқым келмеді. Мен осы оймен әлек болып отырғанымда, жаныма еріп келген сіңлім боздап жылап отырғанында байқамай қалыппын. Әрине, менде жылауым керек пе еді?! Бірақ, мен оймен алысып отырып, жан жағыма да қарамаппын ғой. Мүмкін басқалай да түсінген шығар. Одан бейхабармын. Бір кезде укол салуға келген сары шашты орыс медбикесі: «Сен неге жылайсың, керісінше күліп, көңілін көтерудің орнына», – деген сөзі маған жағымды әсер етті. Ол жылауын қоя берді. Ары қарайғысын әпкемнің әңгімесін тыңдадым. Ол да армандарын айтып отыр екен. Ол: «Ертең мен жазыламын, сосын егіз баланы өмірге алып келемін. Көресіңдер», – дегені. Ойланып отырып, түйгенім мынау болды: жаның өмір мен өлімнің ортасында тек амандығыңды тілейді екенсін. Ал жаның аман қалып, қысылып, ауырғанда армандарыңның мүлде басқа арнада болатынын білдім. Ал денім сау, мен армандаған армандарымның түкке тұрғысыз, еркелік деп ұқтым. «Денсаулықтың қадірін ауырғанда білесің» дейтін апаларым. Тек ішімнен шүкіршілік айта бастағаным, меңіреу кейпімде сыртқа шыққаным ғана есімде қалыпты. Ары қарай осы ойдың жетегімен ылдилап, бөлмеге қалай келгенімді де білмей қалыппын…

Мәншүк АХМЕТОВА

Мәңгілік бала бейне…

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру

Бұл блогты Асхат ағайдың  «блогтық журналистика» сабағы кезінде ашқан болатынмын. Блогты ашқанмен онда тек сабақтың тапсырмалары ғана болатын. Енді оны арай қарай жалғастыруды қолға алып отырмын.  Блогта еркін жазбалар жарияланады.  Жаңа жазбаларға пікір қалдырып отыруды ұмытпаңыздар.