Алма арасан

3 пікір

Ноутбугымды ашып отырып, неше түрлі суреттерге кезіктім. Тіпті, таң қалып, тамсандым. Бірінші курста группаластарым Алма арасанға барғанда мына бір табиғаттың әсем көрінісін түсіріп алыпты, соны сіздерге ұсынайын.

Той «әскері»

3 пікір

Тура әскердегідей тіп-тік жүріп, аяқтарын бірдей, қадамдары нық басады. Бұл көріністі бұрын да көргенмін, ал мыналардікі ерекше.

Оқымысты қыздар

10 пікір

Бүгін ҚазҰУ журналистика   5-жатақхасында «Наурыз» мерекесі өткен болатын. Өкінішке қарай, мен BarCamp-та болып, қатыса алмадым. Кеш соңында келсем ең керемет бөлмелерді анықтау кезінде біздің 206-бөлме (Назерке Жұмабай, Айнұр Ракишева, Мәншүк Ахметова) «Ең үздік оқымысты қыздар» номинациясына иеленіп, деканымыз Есберген Алаухановтың қолы қойылған мақтау қағазын алдық. Ал «Ең үздік оқмысты ұлдар» бөлмесін Жақсылық Қазымұратұлы, Мейіржан Әуелханұлы және Есхат атты ұлдар тұратын 303-бөлме ие болды. Құттықтаймыз!

Мен «шопыр» боламын

4 пікір

Мен «шопыр» боламын)))

Маған папам сенеді,

Осы болар керегі,

Бесігімнен бел шықпай,

Шопыр болғым келеді.

Жайнай түсер гүл өңім,

Машина айдау білемін.

Осы күннен ұстадым,

Болашақтың рөлін!

Көңілсіз күндер

12 пікір

Осыдан тура бір жыл бұрын, менің өмірімде сатқындық орын алған болатын. Ең алғаш рет адамнан жиіркеніп, оған қараған сайын жүрегім айнитын. Шындығында, олар менің сенімді достарым болатын. Бірақ, достарым сол күні достықтың күл-талқанын шығарды

Мұндай сатқындықты сен жасайды деп ойламаппын. Тек өз-өзімді сабырға шықырып, сол күні маған рухани қолдау білдірген қыздарға алғысым шексіз. Сен өзіңді ақтаумен болдың. Бірақ, болған істі сенің жасағының ақиқат еді. Соңында, нақты фактыны көрсет дегенің адамшылық болмады. Сен намаз оқыған соң, мұндай қылық жасайды деп ойламағам. Қателесіппін… Жанымызда жүрген үшінші қыз да сені жақтап шықты. Десе де, екеуіңнің беті жылтыр сөздерің мен істеріңе алданыппын. Мен сенің бұл әрекетіңді кейін кешірдім. Бірақ, бұл саған деген көңілімнің жібігені емес. Ар-ұяты бар қызсыңдар ғой. Әрекеттеріңді Аллаһ өзі кешірсін. Жазбаны жазудағы мақсатым – сені жазалап, өзімді ақтау емес. Ендігі бұл ішімде сақталмаса екен деймін.

Сынған айна

8 пікір

Айына бір рет әпкеме Ұзынағашқа барып тұрам. Сонда «Сайран» автобекетіне ерте барып алатынмын. Осымен екі адаммен жолықтым. Екеуі де ажырасқандар. Осыдан бір жыл бұрын, жасы 40-тан асқан ер кісіні жолықтырғам. Түріне қарағанда тұрмысы жақсы емес екені байқалып тұр. More

Сіз қалай алдандыңыз?

5 пікір

Сурет  liveinternet.ru сайтынан алдынды.

 Мен  1-сәуірде емес, жай күндері алданғам. Әсілі, студент кездегі қызықты оқиғалар жатақханада болады. Сол аңғал балмұздақ болып жүрген кезімізде, бір күні өзіміздің басқа бөлмеде тұратын курстас  Мадина мен Кәусар бөлмеге келіп, көршім Даянаны сұрап келді. Есікті ашып қалғанымда, жылап тұр, байқағаным үстерінен пияздың иісі мүңкіп тұр. More