«Батыраштар» мен «қотыраштар»

Пікір қалдыру

Бүгінгі біздің заманымыздағы «батыраштар» мен «қотыраштарынан» шаршадым. Нағыз жағымпаздар осылар. Жоғарыдан бұйрық түссе болды, досың болмақ түгілі, басқа болса да табан асты да сатып кететіндер нақ осылар. Қолына кішкене ғана тиын бітсе, «сен кімсің?» деп шыға келетіндерін қайтесің. Бірақ, бұлар болмаса өмірдің шындығын қалай көреді екенбіз?!

Аялдамадағы «кресло»

Пікір қалдыру

Үлкен «креслода» отырмадым деп өкінбеңіз,  Алматыда  Тимирязев көшесіндегі Телецентр аялдамасында қарапайым халыққа арналған «кресло» бар.

Журфак атпайды, айтса қайтпайды

Пікір қалдыру

Алдыңғы постыда айтқанымдай журналистика факультетінің студенттерінің өтініш, арыздарын ректорат қарап бір шешімге келді. Енді факультет сабақтарындағы СОӨЖ (СРСП) уақытында студенттер босатылатын болса, екінші орыс тілді декан да өз орнын босатты. Оның орнына осыған дейін заң факультетінің кафедра меңгерушісі болып келген, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Алауханов Есберген Оразұлы келді. Енді журналистер өз міндеттерімен қоса,құқықтарын да біліп шығатын болады.

Журфактағы дүмпу

5 пікір

Бүгін журфакта дүмпу болды. Қазақ студенттері факультет ұлттық  бояуынан ажырап бара жатқанын алға тартып, журналистика факультетітінің деканың Ғалия Жүнісқызының басшылықтан кетуін талап етті. Жиылыста деканның қазақшасының нашарлығымен қоса, оқу процесінің де шығармашылық факультет үшін қолайсыз екенін айтты. Таңғы 8.30-дан, кешкі  19.00-ге дейін қамалып отырған студенттің тіпті шығармашылықпен айналыспақ түгілі, ертеңгі сабаққа дайындалуға, не кітапханаға барып кітап оқуға уақыттар жоқ. Сабақтан шаршап келген студент қайбір жарытып сабақ оқысын?! Оның үстіне мұғалімдердің теориялық сабақ үйретіп жатқаны да шамалы. Студенттер өтініш-арыздарына 170-тен астап студент қол қойып, ректоратқа ұсынды. Енді оның нәтижесі қандай болмақ?!