Әне-міне дегенше алғашқы қазақ блогшыларының басқосуы да өз мәресіне жетті.  Ол туралы Мейіргүл  блогында егжей-тегжейлі жазды. Құрылтай біз ойлағаннан да жоғары деңгейде өтті. Асхат ағай айтпақшы, бұл жерде ешкім ұйымдастырушы емес, барлығы ұйымдастырушы болып есептеледі.

Ал негізгі ұйымдастырушылар: Minber.kz, MediaLab, MediaNet, AS club. Осы Блогқұрылтайдың жақсы өтуіне, старт аптарға жүлде ұйымдастырған Kcell компаниясы, екі күн бойы интернетпен қамтамасыз еткен және жүлдегерлерге арнайы сыйлық жасаған Қазақтелеком, осы шараның өтуіне тікелей жағдай жасаған KIMEP және ең үздік блогшыларға арнайы сыйлық дайындаған HP, NOKIA компаниялары бар. Сонымен қатар, блогшыларға мұз айдынында сырғанауға мүмкіндік жасаған Mega Ice мұз кешені бар. 

 Пы.Сы.Келесі жазбаларда Блогқұрылтайдағы қызықты фото суреттер көретін боласыздар)))))