Құпия дос

11 пікір

Осыдан, шамамен үш апта бұрын жатақханада 1-4 курс студенттері «Құпия дос» ойынан ойнаған болатынбыз. Ойынның шарты – өзімізге түскен адамға сыйлық жасап (негізі, қолдан жасалса жақсы) , хат жазасыз. Яғни, сіз ол адам туралы жан – жақты мәлімет алуға мүмкіндік аласыз. Негізгі ойынның мақсаты сол – 1-4 курс (әсіресе, перваштардың) арасында өзара байланыс құру, танымайтындар танысып дегендей. More

Advertisements

Оқымысты қыздар

10 пікір

Бүгін ҚазҰУ журналистика   5-жатақхасында «Наурыз» мерекесі өткен болатын. Өкінішке қарай, мен BarCamp-та болып, қатыса алмадым. Кеш соңында келсем ең керемет бөлмелерді анықтау кезінде біздің 206-бөлме (Назерке Жұмабай, Айнұр Ракишева, Мәншүк Ахметова) «Ең үздік оқымысты қыздар» номинациясына иеленіп, деканымыз Есберген Алаухановтың қолы қойылған мақтау қағазын алдық. Ал «Ең үздік оқмысты ұлдар» бөлмесін Жақсылық Қазымұратұлы, Мейіржан Әуелханұлы және Есхат атты ұлдар тұратын 303-бөлме ие болды. Құттықтаймыз!

Ұйқыдағы ару

4 пікір

Бүгін ҚазҰУ-дың журналистика фкультетінің «Мұзбалақ» жас ақындар клубы ақын, журналистика факультетінің түлегі  Аманхан Әлім мен негізгі мамандығы инженер-ақын Бауыржан Қарабекті студенттермен қауыштырды. Кешке Есенғали Раушанов келгенде, бұдан да қызық болар ма еді?! (Хабарландыруда келеді деп жазылған)

«Ұйықтаңдар» журфак

2 пікір

ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің 5-ші жатақханасында тағы да шу. Мейіржан айтқандай 11-ден кейін дәлізде жүрмеу, одан соң бүгін жарықты сөндіру сияқты адам сенгісіз  заңдар шығып жатыр. Тіпті, сабақтардан берілген тапсырмалар күндіз барлығын оқуға мүмкіндік бермейді. Оған қоса, қызығып оқитын көркем әдебиет кітабыңыз бар. Ал, шабытыңыз жайлы сөз қозғаудың өзі артық. Міржақыптар «Оян, қазақ!» деп кетіп еді, ал біздің басшылық «Ұйықтаңдар» дейді.

Журфактағы дүмпу

5 пікір

Бүгін журфакта дүмпу болды. Қазақ студенттері факультет ұлттық  бояуынан ажырап бара жатқанын алға тартып, журналистика факультетітінің деканың Ғалия Жүнісқызының басшылықтан кетуін талап етті. Жиылыста деканның қазақшасының нашарлығымен қоса, оқу процесінің де шығармашылық факультет үшін қолайсыз екенін айтты. Таңғы 8.30-дан, кешкі  19.00-ге дейін қамалып отырған студенттің тіпті шығармашылықпен айналыспақ түгілі, ертеңгі сабаққа дайындалуға, не кітапханаға барып кітап оқуға уақыттар жоқ. Сабақтан шаршап келген студент қайбір жарытып сабақ оқысын?! Оның үстіне мұғалімдердің теориялық сабақ үйретіп жатқаны да шамалы. Студенттер өтініш-арыздарына 170-тен астап студент қол қойып, ректоратқа ұсынды. Енді оның нәтижесі қандай болмақ?!