«Вид» жасаңдар

2 пікір

Мен бұл жазбада жалпы, вид туралы айтпақпын. Өткенде Какен Хамзинді бір канал келіп түсіріп жатты. Кітапханада журналистика факультетінің студенттері отырдық. Сонда оператор «вид жасаңдар» деді.  Бәрі өзінің роліне кіріп кеткен. Бірі- кітап оқып, екіншісі – газет қарап отырған болып отыр. Сонда хабарды жасап жүрген журналистің айтқаны: «Осы журналистика факультетіне келіп сюжет жасасаң қиналмайсың, ал медицинада, басқа салада  оқитындарға барсаң камераны көргеннен қашады»-,дегені. Сонда ойланып отырып, ия, расымен мен прктикада Қазақ радиосынан өткенде пікір жинауға көшеге жіберген. Сонда көшедегі адамдардың диктофоннан қашқанын көрсеңіз. Не үшін қашады? Түсінбеймін. Пікір берген күннің өзінде аты жөнін айтпай, біраз әбігерге түсіреді. Газет, телевидениеде де сондай. Камера, диктофонды  көрсе, жауды көргендей қашатынын түсінбей жүрмын. Мүмкін сіздер білерсіздер?

Ұйқыдағы ару

4 пікір

Бүгін ҚазҰУ-дың журналистика фкультетінің «Мұзбалақ» жас ақындар клубы ақын, журналистика факультетінің түлегі  Аманхан Әлім мен негізгі мамандығы инженер-ақын Бауыржан Қарабекті студенттермен қауыштырды. Кешке Есенғали Раушанов келгенде, бұдан да қызық болар ма еді?! (Хабарландыруда келеді деп жазылған)