Осыдан тура бір жыл бұрын, менің өмірімде сатқындық орын алған болатын. Ең алғаш рет адамнан жиіркеніп, оған қараған сайын жүрегім айнитын. Шындығында, олар менің сенімді достарым болатын. Бірақ, достарым сол күні достықтың күл-талқанын шығарды

Мұндай сатқындықты сен жасайды деп ойламаппын. Тек өз-өзімді сабырға шықырып, сол күні маған рухани қолдау білдірген қыздарға алғысым шексіз. Сен өзіңді ақтаумен болдың. Бірақ, болған істі сенің жасағының ақиқат еді. Соңында, нақты фактыны көрсет дегенің адамшылық болмады. Сен намаз оқыған соң, мұндай қылық жасайды деп ойламағам. Қателесіппін… Жанымызда жүрген үшінші қыз да сені жақтап шықты. Десе де, екеуіңнің беті жылтыр сөздерің мен істеріңе алданыппын. Мен сенің бұл әрекетіңді кейін кешірдім. Бірақ, бұл саған деген көңілімнің жібігені емес. Ар-ұяты бар қызсыңдар ғой. Әрекеттеріңді Аллаһ өзі кешірсін. Жазбаны жазудағы мақсатым – сені жазалап, өзімді ақтау емес. Ендігі бұл ішімде сақталмаса екен деймін.