Ақсақ аударма

5 пікір

Осындай айдармен «Жас Қазақ» газетінде мына сияқты суреттер жарияланып тұрады. Ал бұл суреттер ҚазҰУ қалашығындағы дирекция маңында ілініп тұр. Аң-таңмын. осындай қате-қате аударманы да іледі екен ғой деп. Сөйтсем, бұны барлық жерге жапсырып қойыпты. Тіпті, Атакент жақта билбордта ілініп тұр.

Advertisements

Журфактағы дүмпу

5 пікір

Бүгін журфакта дүмпу болды. Қазақ студенттері факультет ұлттық  бояуынан ажырап бара жатқанын алға тартып, журналистика факультетітінің деканың Ғалия Жүнісқызының басшылықтан кетуін талап етті. Жиылыста деканның қазақшасының нашарлығымен қоса, оқу процесінің де шығармашылық факультет үшін қолайсыз екенін айтты. Таңғы 8.30-дан, кешкі  19.00-ге дейін қамалып отырған студенттің тіпті шығармашылықпен айналыспақ түгілі, ертеңгі сабаққа дайындалуға, не кітапханаға барып кітап оқуға уақыттар жоқ. Сабақтан шаршап келген студент қайбір жарытып сабақ оқысын?! Оның үстіне мұғалімдердің теориялық сабақ үйретіп жатқаны да шамалы. Студенттер өтініш-арыздарына 170-тен астап студент қол қойып, ректоратқа ұсынды. Енді оның нәтижесі қандай болмақ?!

Қазақ газеттеріне жарнама

3 пікір

Бүгінде қазақ оқырмандары қазақ газеттерін оқуға қызығушылық азайды. Әйткенмен, жыл өткен сайын өзгерістердің нәтижесінде оң өзгерістер болып жатыр.  Айта кету керек, қазақ газеттерінің жарнамасының олқы тұстары жетерлік, дегенмен мемлекет пен халықтың, оқырман қызығушылығын арттыру үшін қазақ газеттерінің бірлесуі нәтижесінде бұл мәселені шешуге болады.

More