Қазақтар – ең сұлу халық!

9 пікір

АҚШ-тың ұлттық географиялық ұлттық қоғамының тапсыры бойынша дайындалған зерттеу нәтижесі осындай қорытындыға келді. Бұл жағымды жаңалықты алғаш болып «Экспресс-К» газеті жариялап жіберді. Басылымның жазуынша, бұл сұрақ-жауапқа жер шарының әр түкпірінен 3 жарым мың адам қатысқан. Бұл сында 200 – ден астам ел тұрғындарының жүздеген суреттерін қарау арқылы баға берілген. Қазақстаннан Алматы мен Астана қалалары тұрғындарының суреттері жолданған екен. Сөйтіп, Құдайдың құдіретіне қараңыз, қазақтар жер шарындағы «ең сұлу халық» деп танылды. Ал екінші орында бразилиялықтар келеді.

«Болашақ» газеті, 6 сәуір, 2011 жыл.

Advertisements

Алма арасан

3 пікір

Ноутбугымды ашып отырып, неше түрлі суреттерге кезіктім. Тіпті, таң қалып, тамсандым. Бірінші курста группаластарым Алма арасанға барғанда мына бір табиғаттың әсем көрінісін түсіріп алыпты, соны сіздерге ұсынайын.

Той «әскері»

3 пікір

Тура әскердегідей тіп-тік жүріп, аяқтарын бірдей, қадамдары нық басады. Бұл көріністі бұрын да көргенмін, ал мыналардікі ерекше.

Мен «шопыр» боламын

4 пікір

Мен «шопыр» боламын)))

Маған папам сенеді,

Осы болар керегі,

Бесігімнен бел шықпай,

Шопыр болғым келеді.

Жайнай түсер гүл өңім,

Машина айдау білемін.

Осы күннен ұстадым,

Болашақтың рөлін!

Қалтафондағы құрылтай қызықтары

7 пікір

More

Ақсақ аударма

5 пікір

Осындай айдармен «Жас Қазақ» газетінде мына сияқты суреттер жарияланып тұрады. Ал бұл суреттер ҚазҰУ қалашығындағы дирекция маңында ілініп тұр. Аң-таңмын. осындай қате-қате аударманы да іледі екен ғой деп. Сөйтсем, бұны барлық жерге жапсырып қойыпты. Тіпті, Атакент жақта билбордта ілініп тұр.