Осыдан біраз уақыт бұрын болған оқиға. Алматыда сыныптасымның қарындасын көшірме қағаз жасайтын жерде кезіктірдім. Мен жасайтын қағаз қазақ тілінде, ал оныкы орысша болатын… Екеуміз де қазақпыз, бірақ ол орысша, мен қазақша оқығанмын. Оның кезегі бітіп, мен қағаз ұсынғанда әлгі қыз маған: «Сен қазақша оқисың ба?» деді. Таң қалдым, әлгі қыз ағасының мектепте қай тілде оқығанын есте шығарған-ау деп ойланып тұрғанымда «Қалай айтасыңдар, бұрын «құқық» дегенге тілім келмейтін, қалай айтады өзі, «қ», айта алмаймын…. қарқ-қарқ күлді. Ұялдым… Не деген сорлылық?

Advertisements