Ия, жылағым келеді. Аптаның әр бейсенбісінде жылағым келеді. Неге? Былтыр студенттер сабақ таңдағанда «Тәжірибелік онлайн журналистика» деген сабақты қызығып, ооо, бірдеңе үйренетін болдым деп таңдағам. Мен емес, 22 студент те осылай таңдаған. Бірақ… олай болмай шықты. Сабаққа қатысқаныма екі апта болды (алдыңды апталарда саяхатта жүрдім 🙂 ). Онлайн туралы сөз айтылса, мұрнымды кесіп берейін. Дым, дым… бұл саладан мақұрым мұғалім сабақ береді екен (Саяхаттап ел, жер көргеніме қуандым, осындай мұғалімнің сабағында отырғанша). Бізге сабақ беретін Марс Жаңабаев деген мұғалім Шымкентте заң саласында бакалавр, дәл сол мамандық бойынша ҚазҰУ-да магисрлік оқуын оқыса, доктарантурасын осы журналистика факультетін оқып жатқанға ұқсайды. Өзінің айтуынша, осы сабақтан дәріс оқуға міндетті екен. Ал не үйретті десеңіз? Ещтеңе. Не мынаны оқы деп де бағыт бағдар бермейді.Бар айтатыны, «өзің іздену керексің». Студент – ізденуші. Өзім керектерімді оқып үйренетін болсам, неменеге университетке түстім деген ой туады. Жарайды, лекция оқымай-ақ қойсын, бірақ болмағанда онлайнның не екенінен хабары болу керек шығар. (Әлде, менікі бұрыс па?!) Қызық, таң қаласың, білмейтін саласында адам қалай дәріс оқиды екен деп. Грантта оқысам өкінбес ем, ақылыда оқыған соң ішім ашиды. Әрине, ҚазҰУ-да мықты-мықты мұғалімдер бар, оны мойындаймын. Ал, жаңа медиа саласында дәл Асхат ағайдай үйреткен мұғалім жоқ шығар. Биыл жаңа медиаға қатысты үш сабақ бар «Интернет журналистика», «Медиадизайн» және осы «Тәжірибелік онлайн журналистика». «Интернет журналисткадан» беретін мұғалңм де бұл саладан хабары жоқ. Бар айтатыны «өзіңнің жеке сайтыңды жаса».Биыл бітіруші түлекпін, сонда да осы салаға қызыққан соң бірдеме үйреніп шыққым келеді.

Мұнымен айтпағым, ҚазҰУ мұғалімдері нашар деген сөз емес, бар! Бірақ, әркім өзінің білетін саласында мұғалім болса және сабақтарға сол саланы білетін мұғалімдерді жіберсе. Бар тілегіміз осы… (Эмоциям аралас, ренжімеңіздер)

Advertisements