Сонымен, сабақ басталмай жатып қыркүйектің 8-і күні алғашқы жолымыз Қарағандығы жүріп кеттік. Саяхатқа шыққандар: мен (Мәншүк), Әйгерім, Жаңылай, Назерке, Даяна, Арнат. Қарағандыға біз қыркүйектің 10-нда Қарқаралыда болатын Қасым Аманжоловтың 100 жылдық тойына бардық. Той жақсы өтті. Тойда 300-ге тарта киіз үй тігіліп, 35 000-нан астам адам келген. Маған ұнағаны Үлкен сахна жақта той болып жатқанда, әр ауылдан келген өнерпаздар олар өздері әндетіп жатты. Әрине, сол ауданнан шыққан дәстүрлі, эстарада әншілерінің де коцерті болды. Тойдан кейін Қарқаралы ауданын аралап, Құнанбай мешітіне бас сұғып, аудандағы бір-екі музейге бардық (аттарын ұмытып тұрмын). Шайтанкөл, Шахтер деген көлдердің табиғатын тамашалап бір күнімізді осылай аяқтадық. Ал, 12-қыркүйекте Қарағандыдан Астанаға жүрдік. Астанада өзімізді дамып кеткен елде жүргендей сезіндік (Даянаның айтқаны). Бәйтерек, Хан шатыры, Есілдің жағасы… осылай жалғасып кете береді. Шырт-шырт фотоға түсуді де ұмытпадық. 🙂 Астанаға барған күні бізді бірнеше өлеңдердің авторы (мысалы, «Соңғы вальс», «Көңіл қымбат») Әкім аға Ысқақпен кездестік. Сондай жақсы кездесу болды және бізге соңғы шыққан «Ақсауытты Ақтамберді» атты зерттеу еңбегін сыйлады. Ары қарайғы сапарымыз Астанадан Семейге жалғасты. Онда курстас қызымыз Мадинаның ұзату тойына барып, тойдан кейін Семей қаласында блогшы Тотымен кездесіп, Абай музейін аралап, кешке үйінде қонақта болдық. 18-де Алматыға қайттық. Ары қарайғысын суреттер баяндайды.


Ботақара ауылы





Қасым Аманжоловтың 100 жылдық мерейтойында

Құнанбай қажы мешіті

Мәди ескерткіші



Шахтер көлі

Шайтанкөлдегі бара жолдағы орман

Бұл – Шайтанкөл. Таудың басында теңіз деңгейінен 1200 метр биіктікте орналасқан.



Саяхаттағанда осы – алтау.

Астанада қыздар осылай фотоға түсті 🙂

Есіл ағадғы Есіл ағады…

Әкім Ысқақпен

Мәдинаның ұзату тойы

Тотының үйінде қонақтамыз.
Кеш жазғаныма, фото көп салып жібергеніме кешірім сұраймын. 🙂

Advertisements