Ауылда мынадай моншақтарды көптеп кездестіруге болады. Ол моншақты ешкім тақпайды, бірақ қазақтың кез келген тойынында қонақтарға осындай моншақтар таратады. Үйде бірталайы жиналып қалған соң, тастауға қимай бір кәдеге жаратайын дегем. Сонымен, осы қарапайым, арзан тұратын моншақпен біз гүл жасаймыз.
Алдымен, бізге моншақ(біркелкі болғаны дұрыс), жұқа мыс, бисер керек.



Моншақты бөліп алған соң, оны сымды ортасын теңдей алып, екі жақты сымды моншаққа қарама-қарсы өткіземіз.

Ары қарай, екі, үш, төрт, беске дейін барып, кері қарай 4,3,2,1 моншақтан тізу керек.


Мыналар дайын болғандары.
Жоғарыдағы бисерді 3 данадан сымға ораймыз суреттегідей болу керек. Ал мынау дайын болған гүл.

Advertisements