АҚШ-тың ұлттық географиялық ұлттық қоғамының тапсыры бойынша дайындалған зерттеу нәтижесі осындай қорытындыға келді. Бұл жағымды жаңалықты алғаш болып «Экспресс-К» газеті жариялап жіберді. Басылымның жазуынша, бұл сұрақ-жауапқа жер шарының әр түкпірінен 3 жарым мың адам қатысқан. Бұл сында 200 – ден астам ел тұрғындарының жүздеген суреттерін қарау арқылы баға берілген. Қазақстаннан Алматы мен Астана қалалары тұрғындарының суреттері жолданған екен. Сөйтіп, Құдайдың құдіретіне қараңыз, қазақтар жер шарындағы «ең сұлу халық» деп танылды. Ал екінші орында бразилиялықтар келеді.

«Болашақ» газеті, 6 сәуір, 2011 жыл.

Advertisements