Маған бұл смс-ті бір досым жібрген болатын. Авторын білмеймін. Өзі қызық хат. Мүмкін телефондағы екеудің әңгімесі болар. Соны сіздердің назарларыңызға ұсынбақпын, оқып көріңіздер.

– Сәлеметсіз бе! мен хабарлама бойынша келіп едім. Сіз жүрегіңізді сенімді қолға беремін депсіз?

– Ия.

– Қолданылған ба?

– Ия. Ол 5 жыл тоқтаусыз бір жанды сүйді.

– Қойыңызшы, 5 жыл деген өте үлкен мерзім ғой, енді неге оны басқаға бермексіз?

– Оны бұрынғы егесі өте қатал адам болды, ол жүректі қатты қинады, аяусыз пайдаланды, оны қатты жаралады. Жүрек қансырап жылады, бірақ ол сонда да сүйгенін тоқтатпады. Соңында әлсіз жүрек сынып, қирап, түгі қалмады.

– Қалай қирады, сіз жөндеуге барып көрдіңіз бе? Олар не дейді?

– Жөндеуге келмейді дейді.

– Олай болса неге хабарлама бердіңіз? Сіз ақымақсыз ба, әлде адамдар ақымақ па? Бұзылған дүниелердің өзгеге не қажеті бар?

– Жоқ, сіз қателесесіз, мен әлі де ондай адамның  біздің  арамызда бар екеніне сенемін. Бір күні келіп менің жүрегімді, сынған кішкене бөліктерінен бастап қайта құрастырып алып, оған қайта екеінші рет өмір сыйлайтынына, оны аялап сүйетініне сенемін!

– Мен… Мен атсалысып көргім келеді, әрине қиындау болуы мүмкін, бірақ нәтижесі оған тұрарлық болады деп ойлаймын. Ал, сіз маған оны емдеп, орнына қайта келтірген соң қанша уақыт сүйе алатынына кепілдік бере аласыз?

– Оның жаны көкке ұшқанша, мәңгілік сүйіп өтетініне сенімдімін!

– Сіз хабарламада бір шартым бар депсіз, ол қандай шарт?

– Ия, менің сенімді болуым үшін сіз ол жүректі енді қайтыпжараланбауына, сындырмауға уәде берсеңіз болғаны.

– Өкінішке қарай мен болашақты көре алаймын ғой. Мен екінші рет оның қайта жыламайтынына, қайғырмайтынына уәде бере алмаймын, алайда орнына кепілдік ретінде өз жүрегімді ұсына аламын.

– Мен… Мен келістім!

– Келісім шарттың барлық түрлері мені қанағаттандырады.

– Демек, ертең ауыстыруға кездесеміз ғой?

– Ия, сау бол сүйіктім менің!

Advertisements