Дәл бүгін ауылымды сағынып отырмын. Ата – анамды, туыстарымды, бауырларым, сыныптастарым, мұғалімдерімді. Бәрін тастап Қызылордағы тартып кеткім келіп отырғаны. Бұл сезімнің дәп бүгін оянғанына таңмын да. Мүмкін осыған дейін емтихандардан қобалжып жүріп, сезбей қалған шығармын. Қызылорданың аптаған ыстығын, шаң суырып тұратын желін сағындым. Университет алғашқы жылдарында сыныптастармен араласып тұрушы едік. Ал қазір әркім өз саласымен кеткеннен соң ба, байланыс та азайған. Мүмкін бұл сезімім туған жеріне жақын жүргендерге күлкілі көрінетін шығар. Мейлі… Емтихандар аяқталғаннан соң, заттарымды жинастырып, ескі суреттерді қарап, тіпті мектеп кезіндегі блокноттар да ерекше сағыныш әкеледі. Осындай күй 11-сынып бітіргенде де болған. Ол кезде бесінші, алтыншы сынып кезінде жазылған анкеталарды оқып, балалалық шағымды есіме алғаным бар. Олар үйде әлі сақтаулы. Ал биыл үшінші курсты тәмамдап отырмыз. Келесі жылы бітірушілерміз. Алла сол күнге жеткізсін! Бүгін жатақханада осыдан 30 жыл бұрын бітірген түлектер жатақхананы аралар жүр(Ішінде танығаным Жұмабек Кенжалин ғана). Жатақхана олардың бір кездері университеттегі ыстық мекендері ғой. Біз де біршама жылды артқа тастап, осылай өз бөлмелерімізді сағынып келетініміз анық. Әр кезеңнің өз сағынышы болады деген рас – ау…

Advertisements