Осыдан, шамамен үш апта бұрын жатақханада 1-4 курс студенттері «Құпия дос» ойынан ойнаған болатынбыз. Ойынның шарты – өзімізге түскен адамға сыйлық жасап (негізі, қолдан жасалса жақсы) , хат жазасыз. Яғни, сіз ол адам туралы жан – жақты мәлімет алуға мүмкіндік аласыз. Негізгі ойынның мақсаты сол – 1-4 курс (әсіресе, перваштардың) арасында өзара байланыс құру, танымайтындар танысып дегендей. Ойынға басқа факульттетің адамдары да қатысты. Өйткені, біздің 5-жатақханада бізден басқа геофак, химфак, физфак, экономфактың студенттері бар. Обшым, ассортиміз. Содан ойынды бір апта ойнадық. Жабылу салтанатын түнге қарай жасадық. Өйткені, барлығы кешкісін келгесін, барлығының қатысқанын қаладық. Сонда да 2 – 3 адам қатыспай қалды. Сол арада, маған сыйлық жасаған адам келмей қалыпты. Соны әлі күнге біле алмай келемін. Басында Даяна барлығының «құпия достарын» жазып алған болатын. Сұрасам әні айтам, міне айтам, одан қалса жазған қағазымды таппай қалдым деп, «Құпия досымның» кім екенін біле алмай келемін. «Құпия досым» құпия болып қалатын шығар деп қорқудамын.

Advertisements