Мен бұл жазбаны кешігіп жүретін жандарға арнамақпын. Мен үшін кешігіп жүретін адам, ең жаман адам. Уәде береді де, сосын бір сағат күтіп отырғаның. Көп жерлерде байқасаңыз, той, жиналыс уақытында басталмайды. Тіпті студенттер де сабаққа кешігіп келгенімен қоймай, емтиханға да кешігіп жүреді.Той демекші, алтыда басталатын тойға әсіресе, өзіміздің қазақтар (Осылай айтсаң, намыстарына тиесің) ылғи кешігіп жүреді. Дәл уақытынан жарты сағаттан соң басталса, қуанасыз. Өйткені, бір сағатқа дейін күтуге тура келеді. Егер, үйлену тойы болса, онда бір сағаттан көп күтесіз. Құдалар міндетті түрде кешігіп келеді. Онсыз той басталмайды. Одан соң концерт те солай. Оған да келетін адамдар кешігіп жүреді. Кешігу – ол адамның өзіне деген жауапсыздығынан деп ойлаймын. Кешігуді осы бастан әдетке айналдырсаңыз, кейін ол жұмыс жасағанда да кедергісін келтірмей қоймайды. Әдетіңіз ылғи қайталана беретін болса, не сөгіс аласыз, не жұмыстан қуыласыз. Мына уақытта келемін деп уәде бердің бе, сол уақытта кел. Жаңа ғана бір досым 8-де келемін деп уәде берді, 8-де хабарлассам: -Душтан жаңа шықтым. Қазір жарты сағатта барамын,- дейді. Мұндай адамдарды санасақ он саусағымыздан асып кетеді. Сондықтан, достар кешікпей жүріңіздер.
Мам 07, 2011 @ 13:25:06
Кешікпеңдер, антұрғандар! Кешіксеңдер өлтіреді. Қазақ түсте шақырсаң үште, үште шақырсаң кешке келетін халық. Бірақ, саспа, бәрі нормальный болады…
Мам 10, 2011 @ 04:38:43
Менің жүйкем сыр бере бастайды 5 мин. күте бастасам біреуді
Мам 10, 2011 @ 06:44:08
Ой, айтпаңыз)))
Мам 11, 2011 @ 14:38:24
Бір жаққа баратын болсам күйбеңдеп жүріп алатындардың бірі мен едім. Сосын үйден шыққан соң асыға бастаймын. Кейде кешігіп барамын. Абырой болғанда кездесетін адам да кешігеді. )))
Той ғана емес, концерттер мен спектакльдер де кешігіп басталады ғой. Негізі кешікпеген дұрыс.
Мам 11, 2011 @ 14:45:07
Ия. Негізі, біреу сені күткенше, сен оны күткенің жақсы. Әрине, ұзақ емес)))
Мам 12, 2011 @ 12:39:07
Дұрыс айтасыз, Мәншүк, кешігу ешқандай да адамға абыройлық әкелмейді… Десек те, анда – санда өзіміздің де аздап кешігіріңгірееееп қалатынымыз бар)))
Мам 12, 2011 @ 13:40:15
Кешігу деген пәле маған жабысқалы біраз болды. Ылғи кешігем де жүрем, үйден уақытылы шықсам да. Әсіресе, қыздармен кездескенде. Эх, десеңші…
Мам 17, 2011 @ 06:04:33
«Қазақтар ылғи кешігіп жүреді» деген стреотипке айналып кетті-ау.
Ерте келіп күтіп тұрсаң, неміс болып кеткенсің ба? деп күледі ғой кейбіреулер 😉 Өзінің кешіккенінде жұмысы жоқ…
Мам 24, 2011 @ 14:49:24
Ya solai goi kesh kelemiz ,kazaktin kazak boludin sharttarindan biri goi…
Ақп 07, 2013 @ 11:03:05
Кешігу, адамды себепсіз көп күттіру дұрыс емес, Қиямет күні сен тостырған адамын сенен міндетті түрде көп тостырғанын үшін ақысын алады дегендей хадис бар.