Сурет  liveinternet.ru сайтынан алдынды.

 Мен  1-сәуірде емес, жай күндері алданғам. Әсілі, студент кездегі қызықты оқиғалар жатақханада болады. Сол аңғал балмұздақ болып жүрген кезімізде, бір күні өзіміздің басқа бөлмеде тұратын курстас  Мадина мен Кәусар бөлмеге келіп, көршім Даянаны сұрап келді. Есікті ашып қалғанымда, жылап тұр, байқағаным үстерінен пияздың иісі мүңкіп тұр. Аса мән бермедім. Сол кезде емтиханның уақыты болатын.  Бір кезде маған екеуі келіп: «Бөлмеде Мөлдір сабаққа дайындалып отырған болатын. Біз далаға шығып кеткенде, дәріні көп ішіп қойыпты. Келсек талып қалыпты»-деп тұр. Сосын мен: «Жедел-жәрдем шақырдыңдар ма?» -деп бөлмелеріне жетіп бардым. Барсам, шынымен, аузына көп дәріні салғаны көрініп тұр. Талып қалған күйде, дәрілері жанында шашылып жатыр. Мен деген оның пульсын тексеріп әлекпін. Былай қарасам, жүрегі жап-жақсы соғып тұр.  Арасында жедел-жәрдем қашан келеді екен деп қоям. Бір кезде бөлмеме барсам, Мадина әлгіндегі көршім Даянамен сөйлесіп отыр. Мен оны көріп, мына жақта мен шыр пыр болып жүрсем, қалай қамсыз мына жақта отыр деп бір ойлаймын. Қайтадан қыздарға барамын. Мөлдір жатыр. Сөйтсем мені алдаған екен. Оның алдында көршім Даянаны, тағы басқа қыздарды алдапты. Кейбіреулері сол жерде енді өледі деп өкіріп жылаған. Сол кезде қыздардың актерлік шеберліктеріне таң қалғам. Біреу жаныңда жылап отырғанда, тырп етпей, күлмей қалай жатты екен деп. Мен осылай алданғам.

Advertisements