Баспадан жаңа кітап шығыпты дегенді «Алаш айнасы«, «Айқын» «Нұр Астана»  газеттері жарыса жазды. Енді ол кітапты ұстап көріп, оқу арманымыз болды. Бір күні Айгүл Рамазанова ол кітаптың абонементке түскенін айтқанда, бәріміз астыға қарай ағылдық. Өкінішке қарай, ол кітап сол күні қолға берілмеді. Мөр басып, интернет тізіміне кіргізетін сияқты жұмыстары бар екен. Басқан күннің өзінде қолыңа тиюі екіталай. Бар-жоғы 5-6 дана кітап. Бәріміз анталап тұрмыз. Амалсыз оқу залына түскенін күттік. Бір «пысықайлар» қайдан екенін айтпайды, алып үлгіріпті. Мүмкін сатылымда болар деген оймен жұрттарға сұрау салдық. Еш жерде жоқ. Тек бір журналист ағамыз ғана өзінен сұрайтынын айтты. Соған мәз болып жүрдік. Оның да өз сыры бар. Ол ағамыз:  «15-20 кітап берем», – деген соң бөркімізді аспанға көтере қуандық. Жалғыз кітап таппай жүргенде, жүрегі дархан ағамыз бізді мәз қылып қойды. Ол кітапқа қолымыз 2 апта дегенде жетті. Енді жастанып оқитын болдық)))

Пы.Сы. Мына жерден Бауыржан Омарұлының «Ана тілі» газетіндегі «Бірінші Бауыржан», abai.kz порталына жарияланған «Біз көрген Бердіқұлов»,  атты эсселерін оқи аласыздар.

Advertisements