Қолыма екі-үш күн бұрын Бөрібай Оразымбеттің «Усойқы ойлар» атты кітабы тиген болатын. Ішінен өзіме ұнағанын сіздерге де ұсынайын.

Адасу – адасқан адамға еруден басталады.

Қарамасаң қара темірді де тат басады.

Шындықты біле тұра қасақана бұлтарудан гөрі, білмейқалып қателескенің кешірімді.

ДЖИП – байдың бөлмесі, кедейдің көрмесі.

Боранның басы – болмашы жел.

Бір жұмысты атқарып алып өкінгенннен, атқармай тұрып бүлдірмейді ойла.

Ауру ойлар ауру мидан шығады.

Бөпелерін «баю, баю» деп жұбататын жаңа қазақтардың да, түп мақсаты бай…у.

Ертеңнің не, ертегінің де егесі бар.

Алдау да атылған оқпен тең.

Біреулердің өмірі май үстінде сырғығандай өтуде, біреулер вазелиннің үстімен, ал, кейбіреулер қарасағызға батып тұр.

Батыр ұрысқа кіргенде, қорқақ қуысқа кіреді.

Өлең айта алмасаң домбараны жаманда.

Сұлу сөз кемпірді де қыз етеді.

Ақымақ ақымақ емес, оның ортасы ақымақ.

Екі аяқ пен екі қолдың қателігі бір басыңның соры.

Қарызға алған абырой – парызыңды өтей алмайды.

Көңілі соқырға көзілдірікті пайдасы жоқ.

Таң қала білу де жақсы қасиет.

Кебіс кигеніңді де көре алмайтын да көрші болады.

Тағдырдың ауыр соққысынан нокдаун алғаныңа мойыма, ол әлі нокаут емес.

Істеген ісіңнен, сөйлеген сөзің асып кетпесің.

Калориясын жазса, дәрі де тез өтеді.

Advertisements