Осы күні біздің қоғамымызда бала бүлдіршіндердің шалаланып бара жатқанын көреміз. Менің айтпағым ауылдың балалары емес, қаланікі. Бала-бақшаға барсаңыз, аулаларда жүрсеңіз де орыстың тілін шүлдірлеп жүрген біздің қаракөз қазақтың балалары. Әрине, бұл балалардың ешқандай да жазықтары жоқ. Мұның бәрін үйретіп отырған оның ата-аналары. Осы қазір өзіміздің журфактың кітапханасында отырып, мынадай жайтқа тап болып отырмын. Үлкен апайдан сыйлық алып отырған бүлдіршін, анасының «Рахмет» деген сөзін түсіне алмай тұр. Анасы «Спасибо» деген барып бір-ақ қайталады. Осы көріністі көргенде, келешек біздің болашағымызды кімдер басқарады деген ойда қалдым.  Ата-аналар: «Біз балаларымызды заманға лайық етіп тәрбиелеп жатырмыз» деп айтады. Дегенмен, «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген қазақтың нақыл сөзін берік ұстанса деген бізде тілек бар.

Advertisements