Бүгінде қазақ жастарының бейнесін қалтафонсыз елестете алмайсыз. Бірі – хабарлама жазып отырса, екіншісі – әуенге елітіп, үшіншісі – ойынның қызығына батып отырады. Бұл біз білетіндер ғана. Ал, біз білмейтін тағы бір қыры, ол – ақпарат алмасу. Әрине, интернет арқылы. Кез келген жерде отырып, кішкене ғана құралыңызды алып, әлемде болып жатқан жаңалықтарды оқып, танысуға болады. Сонымен қатар, алыстағы досыңызбен хабарласу мүмкінідігі тағы бар.  Тіпті, озық үлгідегі технологиямен жабдықтап отырған компанияллардың қалтафондары кез келген шығармашылық адам үшін қолайлы жағдай туғызып отыр. Яғни, сіз тек смс – пен ғана шектелмей , кәдімгі компьютердің бағдарламалары бар қалтафондарға роман, проза, очерк пен өлеңдеріңізді жазу арқылы, интернет – сайттарына жариялау мүмкіндігі беріліп отыр. Яғни, бүгінгі жастарымыз қалтафонды тек байланыс құралы ретінде қарамай, әлеуметтік белсенділік ретінде де алуымызға болады. Қазіргі қазақ жастарына бұл телефондарды сатып алу үшін қалтасы көтермесі анық. Десек те, біз пайдалы тұсын ғана суреттеп отырмыз. Ал, оның зияны шаш етектен. Мәселен, телефонмен сөйлесу тәртібі 3 – 4 минуттан аспауы керек. Одан ұзақ сөйлессеңіз құлақ рак аурына, қан қысымының жоғарылауына, есте сақтау қабілетіңізді жоғалтып алуыңызға қауіп бар. Ал, біздегі жарты сағаттық тарифтердің жарнамасын айтып түстесеңіз, мұның астында да бір кілтипанның жатқанын да байқап отырған боларсыз. Ал, екі сим картасы бар қалтафондар екі телефонмен салыстырғанда екі жарым есе зиян екенін білесіз бе? Бұдан сіз, екі жарым есе ауру табасыз деген сөз.  Бұдан шығатын түйін, бұл себеп салдарлар біздің өсіп – өркендеуімізге тосқауыл жасап отыр. Қорытындылай айтсам, бүгінгі қазақ жастары қалтафонды өзіндік тәртіппен қолдансақ, онда біз бағындырар биік те көп болары сөзсіз.

Advertisements