Бүгінде қазақ оқырмандары қазақ газеттерін оқуға қызығушылық азайды. Әйткенмен, жыл өткен сайын өзгерістердің нәтижесінде оң өзгерістер болып жатыр.  Айта кету керек, қазақ газеттерінің жарнамасының олқы тұстары жетерлік, дегенмен мемлекет пен халықтың, оқырман қызығушылығын арттыру үшін қазақ газеттерінің бірлесуі нәтижесінде бұл мәселені шешуге болады.

Қазіргі уақытта қазақ газеттері таралымының аздығынан көп зардап шегіп отыр. Бұл жарнамаға келіп тіреледі. Осы турасында біздің басылымдар қазақ жеріндегі орыс басылымдарымен салыстыруға да келмейді. Тіпті бір ғана «Ұйғур авази» газетінің таралымының өзі 11000 дананы құқрайды. Ал өзіміздің кейбір газеттер бұл көрсеткішке жете алмай отыр. Бұл жағдайға мемлекет тарапынан қолдау да тапқанымен,  көп газеттеріміз оқырман талаптарына жауап бере бермейді. Бұл жерде газет бағасы мен кадр мәселесінің ұшы байқалып тұр. Яғни, бұдан журналист қаламынан жақсы дүние тумағандықтан, бағасы тым жоғары болғандықтан оқырман қызығушылығын төмендетіп отыр.  Бұл  оқырман қоғам өмірінен алшақтайды деген сөз. Тағы да айта кететін  мәселенің құлағы қылтиады, бұл қазақ газеттерінің бірігуі. Байқасаңыз көп газеттеріміз таралым аздығынан көп шығынға ұшырап жатыр. Яғни, басылымдар бірігу нәтижесінде, қарыздан құтылу жолын қарастырып, таралым санын өсіруге мүмкіндік алады. Бірлестіктердің жарнамаға әсері, көп қаржы табатын газеттер бірігу арқылы бірін – бірі толықтырып отырады.

Біз қазақ басылымдары бір бірімен бірлесес жұмыс істеп, мемлекет тарапынан қолдау көрсетіп, кадр мәселесі өз орнын тауып оқырман талабына жауап берсе, қазақ газеттерінің таралымы шешімін тауып, жарнама жасауға кең жол ашылар еді.

Advertisements