Блогосфера әлеміне жаңа бір ақынның блогы өмірге келді. Ішіне еніп, қонақ болыңыздар! ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің студенті – Еркебұлан Кенеханның блогы.
Қар боп ұшып келемін
Мамыр 27, 2011
Uncategorized жаңбыр, көктем, махаббат, мұң, поэзия, қар, қыс Пікір қалдыру
Қар боп ұшып келемін,
Қалаған жер үрлейтін,
Қалаларда ғана өмір сүрмейтін.
Далаларды, балаларды,
Молаларды құшақтап…
Қыстың биін билейтін. More
Екеудің әңгімесі
Мамыр 27, 2011
Uncategorized смс, хат, әңгіме 4 пікір
Маған бұл смс-ті бір досым жібрген болатын. Авторын білмеймін. Өзі қызық хат. Мүмкін телефондағы екеудің әңгімесі болар. Соны сіздердің назарларыңызға ұсынбақпын, оқып көріңіздер. More
Әр кезеңнің өз сағынышы бар…
Мамыр 21, 2011
Uncategorized ауыл, мектеп, сағыныш, университет, Қызылорда 3 пікір
Дәл бүгін ауылымды сағынып отырмын. Ата – анамды, туыстарымды, бауырларым, сыныптастарым, мұғалімдерімді. Бәрін тастап Қызылордағы тартып кеткім келіп отырғаны. Бұл сезімнің дәп бүгін оянғанына таңмын да. Мүмкін осыған дейін емтихандардан қобалжып жүріп, сезбей қалған шығармын. Қызылорданың аптаған ыстығын, шаң суырып тұратын желін сағындым. More
Құпия дос
Мамыр 11, 2011
Uncategorized 5-жатақхана, дос, журфак, ҚазҰУ, Құпия 11 пікір
Осыдан, шамамен үш апта бұрын жатақханада 1-4 курс студенттері “Құпия дос” ойынан ойнаған болатынбыз. Ойынның шарты – өзімізге түскен адамға сыйлық жасап (негізі, қолдан жасалса жақсы) , хат жазасыз. Яғни, сіз ол адам туралы жан – жақты мәлімет алуға мүмкіндік аласыз. Негізгі ойынның мақсаты сол – 1-4 курс (әсіресе, перваштардың) арасында өзара байланыс құру, танымайтындар танысып дегендей. More
Кешігу абырой емес…
Мамыр 4, 2011
Uncategorized абырой, жиналыс, кешігу, концерт, той 9 пікір
Мен бұл жазбаны кешігіп жүретін жандарға арнамақпын. Мен үшін кешігіп жүретін адам, ең жаман адам. Уәде береді де, сосын бір сағат күтіп отырғаның. Көп жерлерде байқасаңыз, той, жиналыс уақытында басталмайды. Тіпті студенттер де сабаққа кешігіп келгенімен қоймай, емтиханға да кешігіп жүреді. More
Есіңде ме көктем еді…
Мамыр 4, 2011
Uncategorized Нәзира Бердалы, көктем, поэзия Пікір қалдыру
-Есіңде ме көктем еді…
Көктеп еді бүршіктері таудың да,
Қызыл гүлдер қаптап еді шалғында.
-Қызыл гүлді құшағына толтырып,
Сен тұрып ең алдыңда. More
Той “әскері”
Сәуір 21, 2011
Оқымысты қыздар
Сәуір 17, 2011
Uncategorized бөлме, грамота, жатақхана, мақтау, ҚазҰУ 10 пікір
Бүгін ҚазҰУ журналистика 5-жатақхасында “Наурыз” мерекесі өткен болатын. Өкінішке қарай, мен BarCamp-та болып, қатыса алмадым. Кеш соңында келсем ең керемет бөлмелерді анықтау кезінде біздің 206-бөлме (Назерке Жұмабай, Айнұр Ракишева, Мәншүк Ахметова) “Ең үздік оқымысты қыздар” номинациясына иеленіп, деканымыз Есберген Алаухановтың қолы қойылған мақтау қағазын алдық. Ал “Ең үздік оқмысты ұлдар” бөлмесін Жақсылық Қазымұратұлы, Мейіржан Әуелханұлы және Есхат атты ұлдар тұратын 303-бөлме ие болды. Құттықтаймыз!


Соңғы пікірлер