Ия, жылағым келеді. Аптаның әр бейсенбісінде жылағым келеді. Неге? Былтыр студенттер сабақ таңдағанда “Тәжірибелік онлайн журналистика” деген сабақты қызығып, ооо, бірдеңе үйренетін болдым деп таңдағам. Мен емес, 22 студент те осылай таңдаған. Бірақ… олай болмай шықты. Сабаққа қатысқаныма екі апта болды (алдыңды апталарда саяхатта жүрдім
). Онлайн туралы сөз айтылса, мұрнымды кесіп берейін. Дым, дым… бұл саладан мақұрым мұғалім сабақ береді екен (Саяхаттап ел, жер көргеніме қуандым, осындай мұғалімнің сабағында отырғанша). Бізге сабақ беретін Марс Жаңабаев деген мұғалім Шымкентте заң саласында бакалавр, дәл сол мамандық бойынша ҚазҰУ-да магисрлік оқуын оқыса, доктарантурасын осы журналистика факультетін оқып жатқанға ұқсайды. Өзінің айтуынша, осы сабақтан дәріс оқуға міндетті екен. Ал не үйретті десеңіз? Ещтеңе. Не мынаны оқы деп де бағыт бағдар бермейді.Бар айтатыны, “өзің іздену керексің”. Студент – ізденуші. Өзім керектерімді оқып үйренетін болсам, неменеге университетке түстім деген ой туады. Жарайды, лекция оқымай-ақ қойсын, бірақ болмағанда онлайнның не екенінен хабары болу керек шығар. (Әлде, менікі бұрыс па?!) Қызық, таң қаласың, білмейтін саласында адам қалай дәріс оқиды екен деп. Грантта оқысам өкінбес ем, ақылыда оқыған соң ішім ашиды. Әрине, ҚазҰУ-да мықты-мықты мұғалімдер бар, оны мойындаймын. Ал, жаңа медиа саласында дәл Асхат ағайдай үйреткен мұғалім жоқ шығар. Биыл жаңа медиаға қатысты үш сабақ бар “Интернет журналистика”, “Медиадизайн” және осы “Тәжірибелік онлайн журналистика”. “Интернет журналисткадан” беретін мұғалңм де бұл саладан хабары жоқ. Бар айтатыны “өзіңнің жеке сайтыңды жаса”.Биыл бітіруші түлекпін, сонда да осы салаға қызыққан соң бірдеме үйреніп шыққым келеді.
Мұнымен айтпағым, ҚазҰУ мұғалімдері нашар деген сөз емес, бар! Бірақ, әркім өзінің білетін саласында мұғалім болса және сабақтарға сол саланы білетін мұғалімдерді жіберсе. Бар тілегіміз осы… (Эмоциям аралас, ренжімеңіздер)
Sep 29, 2011 @ 10:30:32
Әрине сені түсінуге болады. АНа мұғалім танысарқылы докторантураға түскен боп тұр ғой. Әйтпесе мүлде басқа мамандықтың бакалавры, магистрі бола тұрып, журналистика докторантурасына түсу өте қиын.
Oct 06, 2011 @ 14:36:03
Керісінше, ол кісінің айтуынша, журфактың докторантурасына түсу әлдеқайда оңай, сол себепті түсіпті)
Oct 09, 2011 @ 19:45:05
таныс арқылы түскен дегенге келісетін шығарсың
әлде мен сені басқаша түсіндім бе? ойыңды ашып жазсаң.
Sep 29, 2011 @ 11:08:19
Кредиттік технология шығар сендерде?! Ол жүйеде барлық жүк, міндеттеме студенттің өзіне артылады. Оқытушыларыңның айтқаны орынды. Мандытып ештеңе айтпайтын оқытушылар кездесіп жатады. Кеңес ретінде айтарым – интернетке шыққанда тек блогыңда отыра бермей, yandex.kz , google.kz секілді жүйелерге “Онлайн журналистика” деп жазып жіберсең көөөөөөөп мәлімет шығады. Содан оқып алуыңа болады. Қазір өз бетіңше ізденіп оқымасаң, жүре бересің әрдайым “жылағың келіп”. Сәттілік тілеймін.
Sep 29, 2011 @ 11:17:57
Әрине, өзім ізденемін. Ақылыда оқыған соң талап қойғым келеді. Егер дым үйрете алмаса, онда мүлде бермей-ақ қойғаны дұрыс болар. Кредиттік технологияда мұғалім аузын буған өгіздей болып отырсын демеген шығар?!
Sep 29, 2011 @ 11:23:29
Ол жағы менің компъетентсийамда емес, қарындас.
Sep 29, 2011 @ 11:09:56
“Өзім керектерімді оқып үйренетін болсам, неменеге университетке түстім деген ой туады”
—Диплом үшін.
Sep 29, 2011 @ 11:11:43
сол оқытушы өзің емессің бе? сипаттамалар бойынша келіп тұрсың ғой.
Sep 29, 2011 @ 11:21:50
Бәрібір емес пе, саған, Мәке?! уәқәқәқәққәқәқә
Sep 29, 2011 @ 17:49:26
Мәссаған, таныс жағдай. Мен де бір оқытушының дәрісіне қатысқым келмейді, бүкіл лекциясын (160 парақ) көшірмеден өткіздіртті ол бір, екіншіден сол лекциясын сабақта қарааап отырамыз, ол кісі соны бізге оқып береді, тақтаға формула жазып түсіндірген емес, 20 жылдан аса стажы болса да, 1 формуланы жатқа білмейді. Қиын пән, бірақ болашақта керек болғасын дұрыс өтсе деп тілеп келем. Ашуым келеді, қатыспасаң болмайды, деканатта тәрбие ісі жөнінен бастықсымақ болған соң… Осыны көргесін, “не үшін ақша төлейміз?” деп ашынамын.
Sep 29, 2011 @ 18:21:17
Бұл қылжақ пікір айтатын мақала емес.Салмағы ауыр екен. Мұндай сорақылықтың мен оқып кеткен университетте орын алуы–көңілімді құлазытып, менің де жылағым келіп кетті… Қосыла жылайық… Жур фак қа Алауханов барған соң солай болады да… Ол журналист емес, заңгер болған соң, не үміт не қайыр? Дегенмен, жылай берме, қарындасым, көз жасыңды сүрт, ұлттық кітапханаға барып, өз бетіңше еңбектен. Қайтесің енді… Ағаңның ақылы– кейін Жаңабаев туралы кейін естелік жаз бір газетке…
Sep 30, 2011 @ 03:45:07
Бұл жазбаң батыл жазба екен, Мәншүк! Біздің факультет мұғалімдерінің нашар жағын жазам деп басым үлкен бәлеге қалған… Көріп тұрған нәрсені жазбасаң, не үшін блогшысың? Жақсылығын да, жамандығын да жазу керек қой! Дәріс оқымайтын, журналистика мұрнының ұшына да бармайтын қандай мұғалім ол? Студенттерге обал!
Sep 30, 2011 @ 07:08:21
4 жыл универ қабырғасында оқымай-ақ, мықты журналист болуға болады десем, журналистиканы бітіргендер маған жабылар ма екен?! Бірақ өмірде ондайлар кездеседі. Ең бастысы, оқу емес, тоқу. Берілген тапсырманы ғана емес, дәрістен тыс нәрсеге де көңіл бөліп жүрсеңіз, жиі жыламайтын боласыз.
Sep 30, 2011 @ 07:51:52
Ақша төлеп оқыған соң біліп шыққан да жақсы ғой. Адамның білетіні бір тоғыз, білмейтіні тоқсан тоғыз.
Neweurasia – Kazakhstan » Қазақ блогосферасы: өмірлік құндылық жайлы жазбаларға шолу
Oct 01, 2011 @ 03:51:55