Қараша… Құс қайтқанда, күзгі қайғы,
Күзгі қайғы, жанымды сызғылайды.
Сызғылайды жанымды күзгі қайғы,
Бөлмеде теріс қарап қыз жылайды. More
Көрмейін десем көзім бар…
Қазан 4, 2011
Қараша… Құс қайтқанда, күзгі қайғы,
Күзгі қайғы, жанымды сызғылайды.
Сызғылайды жанымды күзгі қайғы,
Бөлмеде теріс қарап қыз жылайды. More
Қыркүйек 29, 2011
Ия, жылағым келеді. Аптаның әр бейсенбісінде жылағым келеді. Неге? More
Қыркүйек 28, 2011
Сонымен, сабақ басталмай жатып қыркүйектің 8-і күні алғашқы жолымыз Қарағандығы жүріп кеттік. Саяхатқа шыққандар: мен (Мәншүк), Әйгерім, Жаңылай, Назерке, Даяна, Арнат. Қарағандыға біз қыркүйектің 10-нда Қарқаралыда болатын Қасым Аманжоловтың 100 жылдық тойына бардық. Той жақсы өтті. Тойда 300-ге тарта киіз үй тігіліп, 35 000-нан астам адам келген. Маған ұнағаны Үлкен сахна жақта той болып жатқанда, әр ауылдан келген өнерпаздар олар өздері әндетіп жатты. Әрине, сол ауданнан шыққан дәстүрлі, эстарада әншілерінің де коцерті болды. Тойдан кейін Қарқаралы ауданын аралап, Құнанбай мешітіне бас сұғып, аудандағы бір-екі музейге бардық (аттарын ұмытып тұрмын). More
Шілде 31, 2011
Uncategorized бисер, гүл, моншақ 1 пікір
Ауылда мынадай моншақтарды көптеп кездестіруге болады. Ол моншақты ешкім тақпайды, бірақ қазақтың кез келген тойынында қонақтарға осындай моншақтар таратады. Үйде бірталайы жиналып қалған соң, тастауға қимай бір кәдеге жаратайын дегем. Сонымен, осы қарапайым, арзан тұратын моншақпен біз гүл жасаймыз. More
Шілде 20, 2011
Оралхан Бөкейдiң ауылындамыз. Өзi тұрған шаңырағын мұражай-үйге айналдырыпты. #Wyngystai—
Begimbet (@Aigera90) July 13, 2011
Бiрақ мұражай алдындағы мүсiннен Орағаңның бейнесiн , көре алмайсыз. Ұқсамайды және сапасыз жасалыпты. #Wyngystai—
Begimbet (@Aigera90) July 13, 2011
Шілде 18, 2011
Uncategorized блог, уордпресс 2 пікір
Қанша уақыт екенін білмеймін, әйтеуір уордпресс арамыздан алыстағалы блог деген ұмыттық. Арасында Керекинфоға барып тұрамыз. Дегенмен, уордпресске жетпейді екен. Кешке қарай, Ұшқынның кордпресстегі блогын жарнамалап қойыпты. Көріп, қуанғаным-ай! Әйтеуір арамызға оралды. Соған қуанып отырмын. Блогерлер уордпресстің арамызға оралғаны құтты болсын!!!
Маусым 7, 2011
Uncategorized Какен Хамзин, диктофон, журналистика, камера 2 пікір
Мен бұл жазбада жалпы, вид туралы айтпақпын. Өткенде Какен Хамзинді бір канал келіп түсіріп жатты. Кітапханада журналистика факультетінің студенттері отырдық. Сонда оператор “вид жасаңдар” деді. Бәрі өзінің роліне кіріп кеткен. Бірі- кітап оқып, екіншісі – газет қарап отырған болып отыр. Сонда хабарды жасап жүрген журналистің айтқаны: “Осы журналистика факультетіне келіп сюжет жасасаң қиналмайсың, ал медицинада, басқа салада оқитындарға барсаң камераны көргеннен қашады”-,дегені. Сонда ойланып отырып, ия, расымен мен прктикада Қазақ радиосынан өткенде пікір жинауға көшеге жіберген. Сонда көшедегі адамдардың диктофоннан қашқанын көрсеңіз. Не үшін қашады? Түсінбеймін. Пікір берген күннің өзінде аты жөнін айтпай, біраз әбігерге түсіреді. Газет, телевидениеде де сондай. Камера, диктофонды көрсе, жауды көргендей қашатынын түсінбей жүрмын. Мүмкін сіздер білерсіздер?
Маусым 5, 2011
Көрмейін десем көзім бар... 9 пікір
АҚШ-тың ұлттық географиялық ұлттық қоғамының тапсыры бойынша дайындалған зерттеу нәтижесі осындай қорытындыға келді. Бұл жағымды жаңалықты алғаш болып “Экспресс-К” газеті жариялап жіберді. Басылымның жазуынша, бұл сұрақ-жауапқа жер шарының әр түкпірінен 3 жарым мың адам қатысқан. Бұл сында 200 – ден астам ел тұрғындарының жүздеген суреттерін қарау арқылы баға берілген. Қазақстаннан Алматы мен Астана қалалары тұрғындарының суреттері жолданған екен. Сөйтіп, Құдайдың құдіретіне қараңыз, қазақтар жер шарындағы “ең сұлу халық” деп танылды. Ал екінші орында бразилиялықтар келеді.
“Болашақ” газеті, 6 сәуір, 2011 жыл.
Соңғы пікірлер